
Дюсебаев Берик Оналбаевич
Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1989 жылдан 1994 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында білім алады.
1972 жылы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Жетісу ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын: 1994 жылдан 1995 жылға дейін «Құсақ»АҚ6- дәрежелі слесарь, 1995 жылдан 2000 жылға дейін транспортировщик қызметінде жұмыс істейді. 2000 жылдан 2004 жылға дейін Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектептің физика және еңбек пәнінің мұғалімі, 2004 жылдан 2005 жылға дейін Абай ауылдық орта мектеп директорының оқұ-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Мелькомбинат негізгі орта мектебінің директоры, 2006 жылдан 2009 жылдар аралығында Қаблиса Жырау атындағы орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылдан 2010 жылға дейін Ескелді ауданының білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы, 2010 жылдың ақпан айынан қараша айына дейін Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы, 2010 жылдың қарашасынан 2012 жылдың маусымына дейін Ескелді аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2012 жылдың маусымынан 2019 жылдың наурызына дейін Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2019-2023 жылдары – Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі. 2023 жылғы 09 қаңтардан бастап – Ескелді ауданы әкімі аппаратының басшысы


