
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білім
Сергей Васильевич Макеев 1982 жылы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек еткен жылдары СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, СҚО бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманы, СҚО бойынша МКД бойынша камералдық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 31.07.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.




