
Ыбрай Омархан Сүйінбекұлы
Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
1993 жылдың 3 мамыр күні Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Білімі: жоғары
Еңбек жолын 2012 жылы ЖК «Умбетов С.И» әкімші қызметкері болып бастаған. 2014-2022 жылдары «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде статист маманы, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаменті» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік активтері мен жобалары басқармасының бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі» мемлекеттік мекемесінде кірістерді жылыстату саласындағы мониторинг басқармасының бас сарапшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг департаментінің бас сарапшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг департаментінің бас консультанты қызметтерін атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаруда.