Кемелбеков Тансық Қарабайұлы

    Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округінің әкімі

    Кемелбеков Тансық Қарабайұлы
    Аким

    Кемелбеков Тансық Қарабайұлы

    Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1969 жылдың 7 шілде күні Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

    Білімі: жоғары

    Еңбек жолын 1991-1994 жылдар аралығында «Тегісшіл ауыл кеңесі» мемлекеттік мекемесінде әскери міндеттілерді есепке алу столының бастығы болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Тегісшіл ауылдық округі әкімшілігінде» бухгалтер, 1996-1997 жылдары Келес ауданы су шаруашылығы жүйелері басқармасына қарасты «Шошым» су каналында су каналының бақылаушысы, 1997-1998 жылдары Сарыағаш су шаруашылық жүйелері бас құрамасының Шошым су учаскесінің Таскескен каналында су каналының бақылаушысы, 1998-2000 жылдары «Келес-су» ЖШС-інда бақылаушы, 2000 жылы «Тегісшіл ауыл әкімшілігі» мемлекеттік мекемесінде салық агенті қызметін уақытша атқарушысы, 2000-2014 жылдары «Тегісшіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде маман салық агенті, маман жер инспекторы, жетекші маман жер инспекторы,

    2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Тегісшіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауылдық округ әкімі міндетін атқарып келуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері