
Өмірбаян
1985 жылы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген, білім жоғары.
Еңбек жолын 2003 жылы «Оңтүстік құс» АҚ тарқатушысы қызметінен бастаған. 2006-2020 жылдары аралығында Шымкент қаласындағы «Шымкент құс» ЖШС-нің жұмысшысы, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ауылшаруашылығы жөнінде бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімшесінің бас маманы, бас инспекторы, бөлімше басшысы, 2019 -2020 жылдары Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2020 – 2024 жылдары Сарыағаш қаласының әкімі, 2024-2025 жылдары Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған





