
Жүсіпов Қойшыбай Жалғасұлы
«Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» басшысының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Жүсіпов Қойшыбай Жалғасұлы, 1969 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген.
1976-1986 жылдары аралығында Аманкелді ауылындағы В.И. Ленин атындағы № 42 мектепті бітірген.
1987-1993 жылдар аралығында Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «Зоотехник» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003-2005 жылдары Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
1987-1988 жылдары Аманкелді ауылы «Ұшқын» комсомол жастар бригадасының бригадирі;
1993-1997 жылдары Аманкелді ауылы тәжірибе шаруашылығында племзоотехник;
1997-2000 жылдары Аманкелді өндірістік кооперативінің жұмысшысы;
2003-2011 жылдары Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округінің статист жетекші маман;
2011-2018 жылдары Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мал шаруашылығы маманы;
2018 жылдан осы кезге дейін «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ-сі сектор меңгерушісі.





