
Өмірбаян
Қайрбек Алмас Қайрбекұлы 2010 жылы Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын режиссура мамандығын бітіріп, 2012 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2014-2016 жылдар аралығында Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман.
2016-2017 жылдары Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, Ұлытау ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды дамыту, қаржы және шаруашылық бөлімінің басшысы.
2017-2018 жылдары Терісаққан ауылдық округінің әкімі.
2018-2021 жылдары Ұлытау аудандық мәслихатының аппаратының аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың 15 қыркүйек айынан бастап Қайрбек Алмас Қайрбекұлы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.




