
Өмірбаян
Мен, Толеугазин Саян Толеугазыулы 1987 жылы 26 сәуірде Қарағанды облысы Талды ауданы Доғалаң ауылында дүниеге келдім.
2004-2008 жылдары Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқыдым.
2010-2012 жылдары Қарағанды қаласында орналасқан «Алматы экономика және статистика академиясында» экономист мамандығы бойынша оқыдым.
Еңбек жолын 2009 жылдың 1 наурызынан Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кентіндегі «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалы Осакаровка аудандык пошта байланыс торабында байланыс операторы қызметінен бастап, 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қызмет аткардым.
2021 жылдың 14 қазанынан 2024 жылғы 12 ақпанына дейін «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман қызметін атқардым.
2024 жылдың 12 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бас маман-экономист болып жұмыс істеймін. Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Х.Байғабылов көшесі, 48.
