
Абдрайхан Алмат Аблайханұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Алмат Аблайханұлы Абдрайхан Алматы қаласында 1980 жылғы 28 наурызда туылған. Ұлты казақ.
А.А. Абдрайхан үш жоғары білімі бар: 2001 жылы несие және қаржы мамандығы бойынша экономика біліктілігін алып М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды, 2010 жылы заңтану мамандығы бойынша заңтану бакалавры біліктілігін алып Тараз гуманитарно – инновациялық университетін, 2010 жылы заңтану мамандығы бойынша заңтану магистрі біліктілігін алып Тараз гуманитарно – инновациялық университетін бітірді.
А.А.Абдрайхан еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппараты экономика басқармасының бас маманы болып бастаған, 2005-2006 жылдары – Жамбыл облысы Жуалы ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а., бас маманы, 2006 - 2007 жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» МКК директоры , 2007-2008 годы – «Хоум Кредит Казахстан» АҚ менеджері, 2009-2012 годы – Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша аумақтық аралығы инспекциясының бас маманы, 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық аралығы инспекциясының бас маманы, 2013-2014 жылдары – Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясы басшысының орынбасары, 2014 жылы – Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының басшысы, 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитететінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ ауданы бойынша басқармасының басшысы, 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық десаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ ауданы бойынша басқармасының басшысы, 2017-2018 жылдары - Алматы қаласы бойынша тұрғын үй инспекциясы құқық бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары – Алматы қаласының Әкімші соттар соттарды дамыту және қамтамасыз ету инфраструктурасы бөлімінің бас маманы, 2019-2021 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Аграрная кредитная корпорация» АҚ бас менеджері.
2021 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республика Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс атқарған.
2025 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республика Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.



