
Дулатов Бауыржан Тиштыбайұлы
Руководитель отдела
Өмірбаян
Мен Дулатов Бауыржан Тиштыбайұлы 08.06.1975 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы А. Назарбеков ауылында 1982 ж. - 1992 ж., А. Молдағұлова атындағы ОМ оқыдым. 1979 ж.- 2000 ж. дейін Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы А. Назарбеков ауылында тұрып, 2000 жылы Қарағанды облысының Приозерск қаласына көшіп келдім. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кентінде тұрамын.
2001-2006 ж.ж. Тараз педогогикалық институтта сырттай оқыдым. Диплом бойынша мамандығым: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Әскерге бармағанмын.
1993 жылы Тараз облысы , Мойынқұм ауданы , А.Назарбеков ауылында А.Молдағұлова атындағы ОМ еңбек өтілімімді бастадым. 1993- 1994 ж.ж. аталған мектепте көркем- өнерпаздар жетекшісі болып жұмыс атқардым. 1994-1996 ж.ж. осы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болдым. 1996 жылы өз еркіммен аталған мектептен жұмыстан шықтым.
2000-2007 ж.ж. Қарағанды облысы, Приозерск қаласының ОМ-де, АӘД және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым. 2007 жылы өз еркіммен жұмыстан кеттім.
2008 – 2009 ж.ж. «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маман қызметінде жұмыс атқардым, бөлімнің қайта ұйымдастырылуына байланысты 2009 жылы аталған бөлімнен жұмыстан өз еркінмен босатылдым. 2009 - 2014 ж.ж. аралығында Қарағанды облысы, Приозерск қаласының №1 ОМ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде жұмыс атқардым.
2014 - 2015 ж.ж. « Приозерск қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маман қызметінде жұмыс істедім. 2015 – 2017 ж.ж. аралығында «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшының м. а. болып жұмыс істедім. 2017-2018 ж.ж. «Осакаров ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маман қызметінде жұмыс істедім.
2018 – 2019 ж.ж. «Осакаров ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысының м.а. болып жұмыс істедім. 2019 жылдың қазан айынан бастап аталған бөлімнің басшысы қызметіне тағайындалып, басшы ретінде жұмыс атқарып жүрмін.