
Өмірбаян
1975 жылғы 10 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында туған.
2007 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiн тарих, экономика және құқық мамандығы бойынша бiтiрген.
1995-2001 жылдар аралығында Жамбыл аудандық әкiмшiлiгiнiң машинисты, хатшы машинисты, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмi аппаратының қабылдау бөлмесiнiң хатшысы.
2002-2004 жылдары «СҚО Жамбыл ауданының мәдениет және спорт бөлiмi» ММ бас маманы.
2005-2018 жылдар аралығында «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ бас маманы, «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет және тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ бас маманы, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ бас маманы болып жұмыс iстедi.
2018 жылғы 11 мамырдан бастап «Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ басшысының м.а. болып тағайындалды.
2019 жылғы 11 наурыздан бастап «Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы 5 мамырдан бастап «Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.





