
Өмірбаян
Есжанов Ғазиз Отарбайұлы 1974 жылдың 3 қазанында Талдықорған облысы Қапал ауданы Калиновка ауылында дүниеге келді.
2006 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Ветеринариялық іс" мамандығы бойынша және 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылы Еркін селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы ретінде бастаған.
2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы;
2015-2017 жылдары «Сарқан аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2017-2019 жылдары «Сарқан аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019 - 2026 жылдары Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың 20 мамырынан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.



