Ажмұрат Асқар Қадырұлы

    Басқарма басшысы

    Ажмұрат Асқар Қадырұлы
    Руководитель управления

    Ажмұрат Асқар Қадырұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Асқар Қадырұлы 1976 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар, 1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1999 жылы Павлодар фармацевтика зауытында жабдықтау жөніндегі менеджері болып бастады.

    2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін мемлекеттік емес құрылымдарда әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

    2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында әртүрлі лауазымдарда Индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманынан бастап Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығына дейін қызмет етті.

    2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ашық акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша департаментінің менеджері.

    2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін – Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

    2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін – «Ертіс-Өркені» ЖШС-нің бас директорының міндетін атқарушысы.

    2013 жылдан бастап 2023 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, сәулет, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарды атқарды

    Мемлекеттік қызмет өтілі 16 жылдан асады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері