
Өмірбаян
Жанерке Жақсылық 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде" «Медицина»,«Жалпы медицина» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2017 жылы Қызылорда қалалық № 3 емханасында дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары осы емханада бөлім меңгерушісі, аймақтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары болған.
2023 жылдан осы күнге дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.