
Исмагулова Феруза Жеткербайқызы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Исмагулова Феруза Жеткербайқызы, 1971 жылы туылған. Білім жоғары, 1994 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Феруза Жеткербайқызы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Ақтау қалалық білім бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастады.
2004 жылдың қазан айы мен 2005 жылдың шілде айы аралығында Ақтау қалалық әділет басқармасында;
2005 жылдың тамызы мен 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Ақтау қалалық соты кеңсесінде бас маманы;
2007 жылдың қыркүйегі мен 2009 жылдың ақпан айына дейін Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұйымдастырушылық бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы;
2009-2011 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне заңнаманың сақталуын бақылау талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы;
2011 жылдың ақпан –тамыз айларында Маңғыстау облысы әділет департаментінің ұйымдастырушылық-бақылау және кадр бөлімінің бастығы;
08.2011-12.2020 аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
2021 жылдан бастап Мунайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, кейін Мұнайлы аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымдарында жұмыс жасады.
2024 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Үлгілі еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.