
Башев Талғат Мамырбекұлы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Шығыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы жоғары мектебін, Еуразия гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін (магистратура), РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (магистратура) тәмамдаған.
1996-1998 жылдары ШҚО бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қызмет атқарды.
1998 жылдан 2014 жылға дейін қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Астана қаласы бойынша басшылық лауазымдарда экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде және ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
2014-2025 жылдары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2025 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарады.