
Бекішева Жамал Зағыпарқызы
Заместитель руководителя отдела
Өмірбаян
Бекишева Жамал Загыпарқызы 1967 жылы 01 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Рассвет ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1986 жылы Целинный, Тимирязев шаруашылық есептегі сауда кәсіпорындарында сатушы болып бастады.
1994 жылы кооператив техникумын есепші мамандығы бойынша бітіріп, Тимирязев аудандық білім бөлімінде есепші болып жұмыс істеді.
1999-2008 жж. Тимирязев ауылдық округінде әскери-есепке алу үстелінің бастығы болып жұмыс істеді.
2008 жылы Тимирязев ауданының қаржы бөліміне коммуналдық меншікті басқару және әлеуметтік сала бойынша бас маман болып ауыстырылды.
2011 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ауыстырылды, онда бас маман-есепші, бюджеттік жоспарлау бойынша бас маман, бюджеттік жоспарлау бойынша сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарды.
2018 жылы 10 қыркүйектен бастап Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.


