
Мұқажанова Әсел Нұрланқызы
Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мұқажанова Әсел Нұрланқызы 1991 жылы 8 қарашада Алматы қаласында (Алма-Ата) дүниеге келген.
2011 жылы Оксфорд қаласындағы Abacus College колледжін (бизнес негіздері), 2014 жылы Лондон қаласындағы University of Greenwich университетін (Туризмді басқару саласындағы өнер бакалавры), 2021 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Москва қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Ресей Федерациясы ("Мемлекеттік және Аймақтық менеджмент "мамандығы бойынша MBA"Топ-менеджер").
Өзінің еңбек жолын "KazManagement Group" ЖШС-да 2010 жылдың қазан айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін әртүрлі лауазымдарда бастады, сату бөлімінің менеджері, бас директордың орынбасары лауазымында бастады.
2015 жылдың ақпанынан 2017 жылдың ақпанына дейін – Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ұлттық туристік өнімдерді ілгерілету басқармасының, Туризм индустриясы департаментінің сарапшысы.
2017 жылғы тамыздан 2019 жылғы наурызға дейін – Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ішкі туризмді және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы.
2019 жылдың наурыз - қазан айлары – Алматы қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау бөлімі басшысының м.а.
2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін – Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және мониторингілеу бөлімінің басшысы.
2021 жылғы шілдеден бастап – Алматы қаласы креативтік индустриялар басқармасы басшысының орынбасары.




