
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1992 жылы 2 қарашада Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген 2 жоғары білімі және 2 магистр дәрежесі бар
2014 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің техника және технологиялар бакалаврын, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген.
2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Құқық бакалаврын, «Құқықтану» мамандығын, «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын бітірген.
2018 жылы «Болашақ академиясы» ЖМ, заң ғылымдарының магистрі, «Құқықтану» мамандығын бітірген.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, бизнес және басқару магистрі, «Мемлекеттік саясат» мамандығын бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2015 жылдың ақпан айында «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ қоғамдық жұмыстар агенті ретінде бастады. Содан кейін «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2017 жылғы сәуірден 2018 жылғы наурызға дейін-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы.
2018 жылғы тамыздан 2022 жылғы шілдеге дейін – «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы шілдесіне дейін – «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссияны үйлестіру мәселелері жөніндегі бас инспекторы.
2023 жылғы шілдеден қарашаға дейін-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі салаларды цифрландыру басқармасының бас сарапшысы.
2023 жылдың қараша айынан бастап «Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.