
Руководитель
Мұқашев Мақсат Әділұлы
Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы
Өмірбаян
Мақсат Әділұлы Мұқашев 1989 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Көлік құрылысы"мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметте 2011 - жылдан бастап жұмыс істейді. Осы аралықта ол басқарманың экономисті қызметінен облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілген. Мемлекеттік қызметтің бірқатар сатыларында тәжірибе жинақтаған.

