
Прокурордың бірінші орынбасары
Келдібеков Саян Шаймұратұлы
Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Келдібеков Саян Шаймұратұлы 1974 жылы Алматы облысы, Жаркент қаласында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1996 жылы Талдықорған облысы прокуратурасында бастаған. Одан кейін Маңғыстау облысы прокуратурасында, қаржы полиция органдарында, ішкі істер органдарында, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы, Наурызбай, Бостандық аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.



