
Өмірбаян
Сатымбеков Смат Құнанбайұлы 1994 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2018-2020 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің іс жүргізушісі, 2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының инспекторы, 2020-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып, 2023 жылы сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2024 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау, су бұру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.



