
Өмірбаян
2004 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын Бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Жақсы ауылындағы Ұлттық мемлекеттік банктің есеп айырысу-кассалық орталығының операторы болып бастады.
1992 жылдың маусымынан 1996 жылдың қазанына дейін Жақсы ауылының ұлттық Мемлекеттік банкінің есеп-кассалық орталығының экономисі.
1996 жылдың қазанынан 1998 жылдың қаңтарына дейін Жақсы ауылының Бюджет банкі филиалының бас бухгалтерінің міндетін атқарушы.
1998 жылдың қаңтарынан 2000 жылдың сәуіріне дейін Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің жиынтық есеп және баланстар бөлімінің бастығы.
2000 жылдың сәуірінен 2005 жылдың сәуіріне дейін Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің сектор меңгерушісі - бас бухгалтері.
2005 жылдың сәуірінен 2007 жылдың шілдесіне дейін Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің мемлекеттік бюджетті орындау, төлем шоттарын енгізу секторының меңгерушісі.
2007 жылдың шілдесінен 2008 жылдың шілдесіне дейін Жақсы аудандық қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары.
2008 жылдың шілдесінен 2015 жылдың желтоқсанына дейін Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары.
2015 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы наурызға дейін "Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі"ММ басшысы.
2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы мамырға дейін Жақсы аудандық қазынашылық басқармасының шарттарды қаржылық тіркеу тобының бас маманы - бас қазынашысы.
2021 жылдың 26 мамырынан "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ басшысы.



