
Өмірбаян
Құзғанбаев Аслан Амангелдіұлы – 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап Тахтаброд ауылдық округінің әкімі. 1985 жылы 7 ақпанда Кокчетау облысы, Чистопол ауданы, Чистопол ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында тұрады.
2002 жылы Тахтаброд орта мектебін бітірді, Көкшетау университетіне саясаттану мамандығы бойынша оқуға түсті, 2007 жылы осы оқу орнын бітірді.
2009-2011 жылдар аралығында Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде география мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2009 жылы «Тахтаброд Агро» ЖШС-де күзет бақылаушысы болып бастады, 2011 жылы еңбек шарты өз өтініші бойынша бұзылды, ал 2011 жылы «Тахтаброд Агро» ЖШС жанар-жағармай материалдар қоймасының меңгерушісі болып қабылданды. 2016 жылғы 13 маусымда өз еркімен жұмыстан босатылды.
2016 жылдың 14 маусымында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не салық және жоғары оқу орындарының уақытша бас маманы болып қабылданды.
2016 жылғы 10 тамызда «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ салық және жоғары оқу орындары бойынша бас маманы болып тағайындалды.
2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Тахтаброд ауылдық округінің әкімі болып сайланды.





