
Өмірбаян
1985 жылы 23 маусымда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Рузаевка ауылында дүниеге келген.
2016 жылы «Көкше» академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, құқық бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2014 жылғы тамыз айынан бастап 2015 жылғы сәуір айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
2015 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың қазан айына дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-диспетчері.
2017 жылғы қаңтардан 2018 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің бас маман-диспетчері.
2018 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің мал шаруашылығы, жеке қожалық және құқықтық мәселелер секторының меңгерушісі. 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімінің міндетін атқарушы.
2020 жылдың 1 маусымынан бастап Бірлік ауылдық округінің әкімі.





