
Өмірбаян
Ғалым Алдыбайұлы Өмібеков 1981 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында дүниеге келген. Қарағанды қаржы интитутытын «Қаржы», қаржы бакалавры» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2001 жылы Меркі ауданының білім беру бөлімінің бухгалтері болып бастады. 2004 жылы Шахтинск қаласының ҚӘК жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2005 жылы «Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Содан кейін «Шахтинск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы болып қызмет етті.
2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ бастығы лауазымын атқарды.
2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы болып қызмет етті.
2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін «Приозерск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы болып қызмет етті.
2013 жылдың бастап 2014 жылғы дейін «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы, «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ талдау және мониторинг бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры лауазымын атқарды.
2017 жылдың 10 тамызынан бастап 2017 жылдың 24 қазанына дейін Шахан кенті әкімінің міндеттерін атқарды.
2017 жылдың 24 қазанынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Шахан кентінің әкімі лауазымын атқарды.
2021 жылғы 27 шілдеде Шахан кентінің әкімі болып тағайындалды.
