
Бақытбекқызы Анель
Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы – Еуропа Кеңесі жанындағы өкілі
Өмірбаян
Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қызметке 2004 жылдың қараша айында қабылданып, ҚР-дың Үндістан мен Сингапурдағы дипломатиялық миссияларында әртүрлі лауазымдарға тағайындалған болатын.
Анель Бақытбекқызы 2014-2019 жылдары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Атқарушы директорының орынбасары лауазымындағы бірінші әйел болды.
Анель Бақытбекқызы жақында Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды. Ол Миссияда БҰҰ-ЕО бастамасының «Spotlight Initiative» және «Ұрпақтар теңдігі» форумының үйлестірушісі болды. Сонымен қатар, тұрақты даму, Жастар және БҰҰ-ға қатысты басқа да мәселелерді жан-жақты түсінеді.
Анель Бақытбекқызы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітіріп, әл-Фараби атындағы Мемлекеттік университетінде саяси ғылымдар докторы дәрежесін алды. Сонымен қатар, ол Йель менеджмент мектебінің әйелдер көшбасшылығы бағдарламасының түлегі.