Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы

    Геодезия және картография комитетінің төрағасы

    Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы
    Председатель

    Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы

    Геодезия және картография комитетінің төрағасы

    Өмірбаян

    Қажымұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.

    Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған.

    2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы болған.

    2006-2011 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2011-2012 жылдары – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы лауазымын атқарған.

    2012 жылғы сәуірден бастап тамызға дейін – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «МемжерҒӨО» РМК бас директорының орынбасары болған.

    2012-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

    2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы болған.

    2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

    2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.

    2019 жылғы тамыздан бастап қарашаға дейін – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы болған.

    2019-2021 жылдары – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары.

    2021 жылғы шілдеден бастап - ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері