Даулетов Жандос Муратович

    Басқарма басшысы

    Даулетов Жандос Муратович
    Басқарма басшысы

    Даулетов Жандос Муратович

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Дәулетов Жандос Мұратұлы, 1989 жылы 9 шілдеде Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келді.

    «Алматы энергетика және байланыс институты» АҚ (2010 жыл), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2012 жыл) аяқтады.

    Еңбек жолын 2012 жылы «Казахэнергоэкспертиза» АҚ жедел ақпарат орталығының диспетчері болып бастады.

    2013 жылғы тамыздан бастап 2015 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту деппартаментінің басқармаларында сарапшы қызметін атқарды.

    2015 жылғы наурыздан бастап 2015 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаменті Құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

    2015 жылғы қарашадан бастап 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаменті Құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

    2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс жасады.

    2017 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының хатшылығы-басқарманың бас сарапшысы болып жұмыс жасады.

    2018 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы мамырға дейін «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

    2019 жылғы мамырдан бастап 2026 жылғы шілдеге дейін «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

    2026 жылғы 3 тамыздан бастап «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері