Фазуллина Разия Римановна

    Бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау және бухгалтерлік есепке алу секторының меңгерушісі

    Фазуллина Разия Римановна
    Заведующий сектором

    Фазуллина Разия Римановна

    Бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау және бухгалтерлік есепке алу секторының меңгерушісі

    Өмірбаян

    Разия Римановна Фазуллина, 1971 жылы 25 қаңтарда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген.

    2001 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды облыстық сауда басқармасы Шахтинск қалалық саудасының бухгалтері болып бастады.

    1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Асель» жалдамалы кәсіпорынында бухгалтер болып жұмыс істеді.

    1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін «Қазақстан Республикасы министрлігінің Шахтинск қаласы бойынша салық инспекциясы» аға салық инспекторы лауазымын атқарды.

    1995 – 1996 жылдары «Қазақстан Республикасы министрлігінің Шахтинск қаласы бойынша салық инспекциясы» жанама салықтар бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеді.

    1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Қазақстан Республикасы министрлігінің Шахтинск қаласы бойынша салық инспекциясы» жанама салықтар бөлімінің бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

    1997 – 1998 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы министрлігінің Шахтинск қаласы бойынша салық инспекциясы» Шахтинск қаласы бойынша салық бөліміне зейнетақы қорына түсетін жарнасын бақылау бөлімінің бас салық инспекторы лауазымын атқарды.

    1998 жылы «Қазақстан Республикасы министрлігінің Шахтинск қаласы бойынша салық инспекциясы» Шахтинск қаласы бойынша салық комитетінің бюджетке және бюджеттік емес қорларына түсетін қаражатты есепке алу бөлімінің бас салық инспекторы лауазымына тағайындалды.

    1998 жылдың қазан айынан бастап 1999 жылдың мамыр айына дейін «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» заңды тұлғалардың салық аудиті секторының салық инспекторы лауазымын атқарды.

    1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» заңды тұлғалардың салық аудиті секторының бас салық инспекторы лауазымын атқарды.

    2000 – 2006 жылдар аралығында «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» аудит бөлімінің бас салық инспекторы лауазымын атқарды.

    2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

    2008 жылы «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» аудит бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы лауазымына тағайындалды. Содан кейін сол жылы «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» аудит бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

    2008-2009 жылдар аралығында «Шахтинск қаласы бойынша салық комитеті» мемлекеттік қызмет көрсету орталығы – бөлімінің жетекші маманы – жетекші салық инспекторы лауазымын атқарды.

    2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін Салық төлеушілермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімінің жетекші маманы болды.

    2013 – 2014 жылдар аралығында «Шахтинск қаласы бойынша салық басқармасы» салық төлеушілермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімінің бас маманы болды.

    2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Бекчанова» ЖК бухгалтері болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика салаларын дамытуды талдау секторының бас маманы лауазымын атқарды.

    2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау және бухгалтерлік есепке алу секторының меңгерушісі лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері