
Агибаев Айтуар Айдарович
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2011 ж.), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2020 ж.)бітірген.
2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.
2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тергеушісі.
2016-2019 жылдары - Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің аға тергеушісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының басшысы.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2022-2023 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары.
2023 жылғы 24 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.
