
Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы
Жетес би ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы – 1965 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1992 жылы – Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және 2006 жылы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналармен жабдықтау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын: 1982 жылы «Сельхоз химия» мекемесінің жұмысшысы болып бастаған;
1985-1988 жылдары «Аманөткел ПМК-2» мекемесінің жұмысшы;
1988-1989 жылдары «Арал автомобиль жолдары құрылысы» мекемесінің жүргізушісі, «Аманөткел ПМК-2» мекемесінің жүргізушісі;
1989-1997 жылдары Арал мұнай базасына қарасты Аманөткел елді мекеніндегі КАЗС-7 операторы;
2007-2019 жылдары «Баймұрат» шаруа қожалығының төрағасы, «Жеке кәсіпкер»;
2016-2018 жылдары Арал аудандық мәслихатының VI шақырылымының депутаты;
2023-2025 жылдары Арал аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты;
2025 жылдың 20 қазанынан бастап Жетес би ауылдық округінің әкімі.