
Абуов Қайрат Базарбекұлы
Түркістан облысы дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Абуов Кайрат Базарбекұлы 1984 жылы туылған.
Ұлты - қазақ.
Білімі -жоғары.
2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бітірген. (Халықаралық қатынастар саласы маманы)
2011 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. (Экономика бакалавры)
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. (Халықаралық қатынастар магистрі)
2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. (Құқық бакалавры)
Мансап
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде іс-жүргізуші болып бастаған.
2012-2013 жылдары Шымкент қалалық №6 емханасының экономист маманы қызметін атқарған.
2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы бас маман-ревизоры қызметін атқарған.
2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімі бас маманы болған.
2016-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметін атқарған.
2019-2021 жылдары Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылы Түркістан облысының дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
15.11.2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.