Туксанбаева Бакыт Тилегеновна

    Бөлім басшысы

    Туксанбаева Бакыт Тилегеновна
    Руководитель отдела

    Туксанбаева Бакыт Тилегеновна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1967 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылында дүниеге келген.

    1992 жылы Қазақ Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетін «тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша, 2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1987 Шу Карақөл совхозының есепшісі болып бастаған.

    1997-2005 жылдары Ұланбел ауылдық округтің қаржы агенті;

    2005-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат падалануды реттеу департаментінің әкімшілік, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы;

    2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат падалануды реттеу департаментінің әкімшілік, ұйымдастыру және бақылау бөлімі бастығы;

    2009-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасы бастығының орынбасары;

    2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Жамбыл облысытық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;

    2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;

    2015 жылдың 13 сәуірінде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері