Садыкова Разия Шакиржановна

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Садыкова Разия Шакиржановна
    Қызметкерлер

    Садыкова Разия Шакиржановна

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (24.01.1950 - 21.11.2020 )

    Рәзия Шәкіржанқызы Лисаков орталық қалалық ауруханасына 24 жылдан артық қызмет атқарды. Жұмыс барысында өзін сауатты, сезімтал, жанашыр дәрігер ретінде көрсетті, оның есебінде көптеген гинекологиялық операциялар мен қабылданған босанулар.

    1984 жылы ДДҰ жүйесі бойынша Мәскеу, Ереван, Киев, Курск, Польша гинеколог-дәрігерлерімен бірге Алжирде 3 жыл жұмыс істеп, баға жетпес жұмыс тәжірибесіне ие болды.

    1992 жылы Р.Ш. Садыкова Лисаков қаласының ОҚА жұмыс істей отырып, бірінші жеке кабинетін ашты. 1999 жылы Рәзия Шәкіржанқызы "Мирас" МО " ЖШС құрылтайшысының бірі болады. Рәзия Шәкіржанқызының қажымас қайраты, жұмыскерлерге деген ерекше көзқарасы арқасында, медицина қызметкерлері мен қызмет көрсетуші персоналының тұрақты ұжымы құрылды. 2019 жылы "Мирас" медициналық орталығына 20 жыл толды.

    2002 жылдан бастап 2019 жылдың қыркүйегі аралығында Рәзия Шәкіржанқызы 3457 гинекологиялық ота өткізді, оның ішінде: 1041 шұғыл оталар мен 2416 – жоспарлы.

    Мінсіз жұмысы және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Р.Ш. Садыкова бірнеше рет әр түрлі деңгейлерде марапатталды. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен, ҚР Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Қостанай облысы, Лисаков қаласы әкімдерінің грамоталарымен марапатталды.

    Рәзия Шәкіржанқызы қазақстандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосты, кәсібилік пен еңбексүйгіштіктің үлгісі болды, қала тұрғындары арасында үлкен бедел мен құрметке ие болған адам.

    2020 жылғы 6 тамыздағы № 414 Лисаков қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы сессия шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері