Орынбай Қазбек Серікбайұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқарма басшысының орынбасары

    Орынбай Қазбек Серікбайұлы
    Заместитель руководителя управления

    Орынбай Қазбек Серікбайұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Орынбай Қазбек Серікбайұлы 1986 жылдың 3 ақпанында Көкшетау облысы Ленин ауданының Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.

    2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша, 2023 жылы – Орталық Қазақстан академиясын «заңтану» мамандығы бойынша тамамдады.

    2007 жылы ҚР Қорғаныс министрлігіне әскери қызметке шақырылған.

    Еңбек жолын 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып бастады.

    2009-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

    2011-2012 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты әкімнің көмекшісі.

    2012-2013 жылдары – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының инспекция және мемлекеттік қызметкерді бағалау бөлімінің консультанты.

    2013-2014 жылдары – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекция және бақылау бөлімінің консультант-инспекторы (Тәртіптік кеңес хатшылығы).

    2014-2016 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің консультанты (Тәртіптік кеңес хатшылығы).

    2016-2020 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті Ақжар ауданының статистика басқармасының басқарма басшысы.

    2020 жылдан 2023 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты бас инспекторы.

    2023 жылдың тамызынан қарашаға дейін – Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдігiнің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары.

    2023 жылдың қарашасынан Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдігiнің экономика басқармасы басшысының орынбасары.

    Басқарма басшысы орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы санаты Д-О-2

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері