
Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Туған жылы: 24.08.1974 ж.т.
Туған жері: Алматы қ.
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, 1996 жылы «Тұран» университетін, 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Білім бойынша мамандығы: заңгер, әлеуметтік салада экономист-менеджер
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы гарнизоны әскери прокуроры көмекшісінің м.а. бастаған.
Алматы гарнизоны әскери прокурор көмекшісі (12.1996-04.1998);
Бас әскери прокуратурасы 3-бөлімінің әскери прокуроры (04.1998-05.2000);
Бас әскери прокурордың мемлекеттік органдардың орталық аппараттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі аға көмекшісі (01.2002-05.2003);
Астана қаласы Бас әскери прокуратурасы өкілдігінің мемлекеттік органдардың орталық аппараттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Бас әскери прокурордың аға көмекшісі (05.2003-06.2004);
Орталық аймақтық көлік прокуратурасы Астана қаласының авиациялық көлік прокуроры (01.2005-06.2007);
Атырау облысы прокурорының орынбасары (02.2009-08.2012);
Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (08.2012-11.2014);
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (11.2014-11.2015);
Қостанай облысы прокурорының орынбасары (11.2015-07.2017);
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы (07.2019-03.07.2021);
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы (03.07.2021-14.04.2022);
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы (14.04.2022-14.08.2023);
14.08.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
