Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы

    Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің басшысы

    Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы
    Руководитель

    Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы

    Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің басшысы

    Өмірбаян

    Құракбаева Кенжегүл Кұрақбайқызы 1967 жылы Қызылорда қаласының Абай ауылында дүниеге келген.

    1987 жылы Новосібір кеңестік сауда техникумын "Есепші" мамандығы бойынша бітірді;

    2000 жылы Қарағанды экономикалық университетін "экономист-қаржыгер"мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда қаласындағы облыстық зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының жедел бөлімінің инспекторы болып бастады;

    1993 жылы - Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының инспекторы;

    1993 - 1995 жж. - Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы;

    1995 - 1996 жж. - Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы;

    1996 - 1999 жж. - Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік қорғау Басқармасының Зейнетақы төлеу жөніндегі бөлімінің бастығы;

    1999 - 2000 жж. - Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының Ардагерлер секторының меңгерушісі;

    2000 - 2005 жж. - Қызылорда қалалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және соғыс ардагерлерімен, мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің бастығы;

    2005 ж. - Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жәрдемақылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс бөлімінің бастығы;

    2005 - 2019 жж. - Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары;

    2019 - 2021 жж. - Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары;

    2021 жылғы 18 наурызда қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері