Алтаев Айдын Аманқұлұлы

    Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Алтаев Айдын Аманқұлұлы
    Руководитель отдела

    Алтаев Айдын Аманқұлұлы

    Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Алтаев Айдын Аманқұлұлы – 1987 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Чкалов ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Астана қаласындағы Қазақ Агротехникалық университетінің «Агроинженерия» мамандығына түсіп, 2008 жылы бітірген. 2008 жылдың қазан айында 44841 әскери бөлімінде аға жүргізуші болып жұмыс істеген. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маман м.а. лауазымында жұмыс істеген. 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың мамыр аралығында «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде» бас маман болып жұмыс атқарған. 2015 жылдың 1 мамырынан мемлекеттік мекеменің қайта құрылуына байланысты, «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі болып тағайындалған. 2016 жылдың қазан айында «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшы орынбасары қызметіне ауысқан.

    2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, штаттық кестенің ауысуына байланысты «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі қызметіне тағайындалған. 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап, «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқару жүктелген. 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап, «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы болып тағайындалған.