
Захарова Любовь Михайловна
Лисаков қаласының құрметті азаматы
Өмірбаян
(Туған күні - 1952 жылғы 12 мамыр)
«Балақай» балаларды ерте дамытудың шағын орталығы» ЖШС әкімшісі.
Лисаков қаласының білім жүйесінде қырық жылдан астам жұмыс істейді, оның ішінде жиырма бес жылдан астам «Мұрагер» мектепке дейінгі оқу-тәрбиелеу орталығын басқарды.
Оның басшылық етуімен мектепке дейінгі мекеме 2000 жылы «Жылдың ең үздік балабақшасы» атты республикалық байқаудың күміс жүлдегері, сонымен қатар облыстық және республикалық байқаулар жеңімпазы болды. 2000 жылы қалада мемлекеттік тілде оқытатын бірінші топ ашты, жазғы мезгілде балабақшада мектепте оқитын балалардың демалуын ұйымдастырудың бастамашысы болды.
Оның тікелей қатысуымен ерекше қажеттіліктерімен балаларды сауықтыру бойынша санаторлық топтар ашылды, «Өзін-өзі тану» экспериментальды курсын енгізді.
Лисаков қалалық мәслихатының бесінші шақырылым сессиясының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 322 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.





