Сидорчук Павел Алексеевич

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Сидорчук Павел Алексеевич
    Қызметкерлер

    Сидорчук Павел Алексеевич

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (Туған күні - 1965 жылғы 1 қаңтар)

    «Арай» ЖШС ЭЕМ операторы.

    П.А. Сидорчук кәсіпорындағы ерен еңбегін қалалық, облыстық, республикалық және халық аралық деңгейдегі белсенді спорт қызметімен бірлестіреді.

    Павел Алексеевич қалалық және облыстық жарыстардың бірнеше рет чемпионы және жүлдегері, ол республикалық, халықаралық және Бүкіл әлемдік ойындардың алтын, қола және күміс жүлдегері болып келеді. Қостанай облысының ең жақсы спортсмендерінің ондығына кіреді. 2012 жылы «Тен мүмкіндіктердің спорты» ұлттық жобасының шегінде «Қайсар тұлға» сыйлық иегері болды. Он сегіз дүркін Қазақстан чемпионы болып келеді. Оның активінде 16 халықаралық абыройлығының медальдері бар.

    Павел Алексеевич 2010, 2011 және 2013 жылдарда Азиаттық ойындарға қатысты.

    2011 жылдың желтоқсанында Бірлескен Араб Эмираттарында спортшы-мүгедектер арасында Әлемдік чемпионатында Қазақстанды ұсынды, онда ол 2012 жылы Лондонда Олимпиадалық ойындарға қатысуға лицензиясын жеңіп алды. Осы жылы оған Қазақстан Республикасының халықаралық сыныптағы спорт шебері атағы берілді. VII Азиядалық ойындардын қарсаныда «Шырақ шеруіне» қатысты. 2013 жылы Голландияда Бүкіләлемдік ампутанттық ойындарда ядроны лақтырудан алтын және табақшаны лақтыруында қола медалін жеңіп алды. 2014 жылы Италияның Ашық чемпионатының шеңберінде жеңіл атлетика бойынша жарыстардың чемпионы және қола иегері атанды.

    Павел Алексеевич салауатты өмір салтының дәріптеуіне, мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында спортты дамытуына, елде және шетелдерде Лисаков қаласының мәртебесін жоғарлатуына үлкен үлес қосты.

    Лисаков қалалық мәслихатының бесінші шақырылым сессиясының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 235 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері