
Кривошея Татьяна Ивановна
Лисаков қаласының құрметті азаматы
Өмірбаян
(Туған күні - 1951 жылғы 11 қаңтар)
Татьяна Ивановна 30 жылдан астам өкілетті билік органдарының сайлау лауазымдарында еңбек етті. 1981 жылдан бастап 1994 жыл бойы Октябрь кенті кеңесінің басшысы, 1994 жылдың наурызынан бастап төрт шақырылым ішінде (2012 жылдың қаңтары бойынша) Лисаков қалалық мәслихатын басқарды. Татьяна Ивановна Лисаков қаласына аса маңызды мәселелерді шешу мен проблемаларды шешуіне көп көңіл бөлетін. Қалалық мәслихат депутаттары атқарушы билікпен бірге қаланы сақтауында, еркін экономикалық аймақты құру мен дамытуында жұмыс істеді.
Қаланың оның әртүрлі дамуының кезеңдерінде мүдделерін сақтап, белсенді азаматтық позицияны ұстанатын, 2020 жылға дейін қаланың экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламасын құрастыруына тікелей қатысты.
Т.И. Кривошея Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытуына, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуына, елде Лисаков қаласының мәртебесін жоғарлатуына үлкен үлес қосты.
Татьяна Ивановна Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Красногор ауылы тұрғындарының арасында құрмет пен беделге ие.
Қалалық мәслихатта көп жыл жемісті қызметі үшін Т.И. Кривошея «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Казақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдерімен, «Отан» Республиқалық саяси партиясының «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.
Лисаков қалалық мәслихатының төртінші шақырылым сессиясының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 477 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.





