Рау Альберт Павлович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Рау Альберт Павлович
    Қызметкерлер

    Рау Альберт Павлович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (Туған күні - 1960 жылғы 1 қыркүйек)

    Лисаков қаласының әкімі (1994-2004 жылдар).

    Лисаков қаласы әкімінің жұмыс кезеңі ішінде Альберт Павлович басшының – мақсаттылық, ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлік мәселелерді кәсіби және шұғыл шешудің нағыз қабілетін танытты. Оның басшылығымен Арнайы экономикалық аймақты дамыту бағдарламасы, 2010 жылға дейін Лисаков қаласының стратегиялық дамыту жоспары, қаланың ұзақмерзімді және басым дамытуды іске асыру бойынша жоспарлар мен шаралары, шағын және орташа кәсіпкершілікті қолдау мен дамыту, халықты жұмыспен қамту, кедейшілікпен, қылмыспен күресу және тағы басқалар табысты жүзеге асырылды.

    Еркін, содан соң арнайы экономикалық аймақ тәртібінде жұмыс кезеңі ішінде қала экономикасында қаржы тұрақтылығына қолжеткізді.

    Құрылыс кешені сақталды, біріңғай коммуналдық шаруашылығы ұйымдастырылды.

    Қала тұрғындары үшін маңызды оқиға болып қалада Рудный индустриялдық интитутының қашықтықтан оқыту филиалының ашылуы болды.

    Оның ынтасымен қалада бірнеше рет халықаралық джаз және әйгілі музыкасының фестивалі, халықаралық мотокросс бойынша жарыстар мен жыл сайынғы карнавалдарын өткізді.

    Экономикалық ғылым кандидаты. Рудный индустриялдық интитутының Құрметті профессоры болып келеді.

    «Астана» естелік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.

    Лисаков қалалық мәслихаты үшінші шақырылымның 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 108 шешіммен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері