
Геринг Георгий Наумович
Лисаков қаласының құрметті азаматы
Өмірбаян
(23.09.1933 -04.09.2001)
Медициналық жедел жәрдемінің бас дәрігері.
Георгий Наумович Лисаков қаласында денсаулық сақтауының ұйымдастырушысы болды. Оның белсенді қатысуымен перзентхана, балалар ауруханасы, стоматология және жұқпалы бөлімі салынған болатын.
Жоғары білікті дәрігер – терапевт, жоғары санатты дәрігер. Ол денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларын және дәрігерлер санлақтар тобын тәрбиеледі. Әрқашанда салауатты өмір салтының белсенді насихаттаушысы болды. Оның адамгершілік сапалары – мейірімділік, кішіпейілділік, зиялылық, жауапкершілік және талапшылдық әрқашанда оның кәсіби сапаларымен үйлесетін.
Лисаков қалалық мәслихаты бірінші шақырылымның 1998 жылғы 29 шілдедегі № 247 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.





