
Шпак Анатолий Петрович
Лисаков қаласының құрметті азаматы
Өмірбаян
(қайтыс болғаннан кейін)
(17.11.1947-29.03.1994 )
1974 жылдан бастап он жыл бойы Анатолий Петрович Лисаков қалалық комсомол ұйымының хатшысы болып, содан кейін Лисаков кен-байыту комбинатының хатшысы ретінде үлкен қоғамдық жұмыстарды атқаратын.
1987 жылы баламалы негізде Лисаков қалалық халық депутаттар кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып сайланды.
Оның басшылығымен құрылысқа бірінші кезектегі Лисаков ҚБК енгізілді, қалының бірінші тұрғын ауданының құрылысы мен абаттандыруы аяқталды.
Анатолий Петровичтің тікелей басшылығымен кешенді бағдарламаларды орындау бойынша ұйымдастырудың үлкен жұмысы өткізілетін. Ең маңыздылардың бірі «Тұрғын үй-91» бағдарламасы болатын, ол оның жеке басшылығында болатын. Шаруашылық тәсілмен тұрғын үйдін құрылысын әрі қарай дамытуын алды.
Ол қаланың абаттандыру мен сәулет келбетіне көп мән беретін. Оның іскерлік қатысуымен бірінші шағын ауданның орталығы жақсарды, Еңбек саяжолында шалпылдау бассейндарын пайдалануына жіберілу, автобустық павильондарды дайындау, аулаларда шағын сәулет нысандарын орнату мен жөндеу бойынша негізгі жұмыстар өткізілді. Оның табан тірескендігінің арқасында АХАЖ, халық сотының, 4 шағын ауданда кафенің, фотосалонның («Акцент» телеарнасы) орынжайларын салды.
А.П. Шпактың ынтасы бойынша азаматтардың денсаулығын қорғау және алдын алу мен емдеу жұмысын жетілдіру, денсаулық нысандарының құрылысын қарастыратын «Денсаулық» бағадрламасы қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес үлгі балалық сүтті асханасы, стаматология емханасының жалғай салуы салынды, орталық қалалық ауруханасында реанимация және интенсивті терапия бөлімі ашылды, Октябрьский кентінде амбулаториясы мен дәріханасы пайда болды.
Атқару комитеті төрағасының назарында мектептер, мектептен тыс мекемелер жұмыстарының мәселелері болатын және олардың материалдық базасын нығайту бойынша шаралар қабылданатын.
Анатолий Петрович қалалық атқару коммитет аппаратының жұмыс стилін жақсартуына үлкен үлес қосты.
Анатолий Петровичті белсенді өмірлік ұстанымы, адамдарға деген көңіл және ілтипатты қарауы, жоғары эрудиция мен сарқылмас еңбек сүйгіштік, алдағыны жобалауды білу және жаңаны енгізуді ерекшелейтің.
Лисаков қалалық мәслихаты бірінші шақырылымның 1996 жылғы 16 шілдедегі № 114 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.





