Коваленко Виктор Петрович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Коваленко Виктор Петрович
    Қызметкерлер

    Коваленко Виктор Петрович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (10.07.1936 -19.06.2006 )

    «Металлист» мемлекеттік арендалық кәсіпорнының директоры.

    14 жыл қалалық Халық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы лауазымына ие болды. Осы лауазымда жұмыс істей отырып, Виктор Петрович Лисаков қаласының кешенді құрылысына, қаланың жан-жағына орманды саябақ зонасын құру, қала тұрғындарын бау-бақшалар учаскілерімен және жеке гараждармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетін. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосты. Онымен Лисаковқа қаланың экономикамен салааралық басқару жүйесін (Потийский эксперимент), ғылыми-тәжірибелік дайындық пен 1980-1990 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын енгізу, қалада жоғары технологиялық өндірістерді іздеу мен құрылысының бастауын енгізуіне онымен шығармашылық зерттеу мен дайындауына көп көңіл мен уақыт берілді.

    Содан кейін Виктор Петрович Жөндеу-механикалық зауыты директорының лауазымында, Краснооктябрь боксит кен басқаруының күрделі құрылысы бойынша директор орынбасары болып жұмыс істеді.

    Қостанай облыстық және Лисаков қалалық Халық депутаттар кеңесінің депутаты болып келді.

    «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ерлігі үшін», «Тың жерлерін игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдермен, одақдық, республикалық, облыстық және қалалық маңыздағы құрмет грамоталармен марапатталды.

    Лисаков қалалық халық депутаттары кеңесінің 1991 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері