Цавалюк Сергей Иванович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Цавалюк Сергей Иванович
    Қызметкерлер

    Цавалюк Сергей Иванович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (07.05.1940-24.05.2023)

    «Лисаковскрудстрой» трестінің «Мәдени тұрмыстық құрылысы» құрылыс басқармасының электрпісірушілерінің бригадирі.

    1970 жылдан бастап қала мен өнеркәсіп нысандарының құрылысында жұмыс жолын бастады. Онымен басқарылған электрпісірушілерінің бригадасы жыл сайын 140% жуық өндіру нормаларын орындайтын.

    Сергей Иавнович бірнеше құрылыс кәсіптерін меңгерді: электрпісіруші, темір бетон және болат құрылғыларының монтажшысы, ағаш ұстасы-бетонщик. Осы жұмыс түрлерін сапалы және өз уақытында орындайтын. Басқарма ұжымы мен бригада мүшелерінің арасында зор беделге ие болған.

    «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

    Халық депутаттары кеңесі атқарушы коммитетінің 1986 жылғы 11 тамыздағы № 233 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері