Кузняков Василий Степанович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Кузняков Василий Степанович
    Қызметкерлер

    Кузняков Василий Степанович

    Лисаков қаласының құрметті азаматы

    Өмірбаян

    (16.09.1928 -28.01.2012 )

    Лисаков кен-байытатын комбинатының гравитациялық-магниттік байыту фабрикасының темір ұстасы-жөндеушісі.

    1966 жылдан бастап Василий Степанович Лисаков қаласында УМР-2 бастығы, Лисаков кен-байыту комбинатының шағын механизация цехының бастығы, механник, ГМО фабриакасы бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

    Технологиялық процессті жақсы меңгерді, ЛКБК-тың гравитациялық-магниттік байыту фабрикасының тұрақты жұмысын қамсыздандыруында көп күш пен энергияны салды. Рационализатор. Оның рационалдық ұсыныстары фабриканың жабдықтары тұрақтылығының жұмысын бірнеше рет қамсыздандырды. Өзін сауатты маман, өнерпаз ұйымдастырушы және еңбек ұжымдарының тәрбиешісі ретінде танытты.

    Жастар тәлімгері. Қоғамдық жұмыспен айналысты: 4 және 5 шағын аудандардың Қоғамдық кеңесінің төрағасы, соғыс ардагерлерінің қалалық Кеңесінің мүшесі, дәріскер болды.

    ІІ дәрежедегі «Отан соғысы» орденімен және мадельдерімен марапатталды.

    Халық депутаттары кеңесі атқарушы коммитетінің 1985 жылғы 29 сәуірдегі № 109 шешімімен «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері