
Айдарбекова Фатима Сарыбайқызы
Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Айдарбекова Фатима Сарыбайқызы 2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Шымкент бөлімі) «Саясаттанушы» мамандығы бойынша, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Құқық» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы ОҚО жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті мемлекеттік жер кадастрі бөлімінің операторы болып бастаған.
2003-2007 жылдары Шымкент қаласы әкімдігі мәдениет бөлімінің жетекші маманы, Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
2007-2011 жылдары ОҚО ішкі саясат департаменті мен ОҚО ішкі саясат басқармасында қызмет атқарған.
2011-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері департаментінде, Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасында, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасында, Түркістан облысының дін істері басқармасында, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында қызмет атқарған.
18.01.2021 жылдан бастап, Түркістан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.
