
Өмірбаян
Серік СӘБЕТАЙҰЛЫ 1984 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін менеджер, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситетін құқық магистрі мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын банк саласында қызмет етуден бастады. Кейін әр жылдарда Талдықорған қаласының Өтенай селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Текелі қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшысы, қала әкімі аппаратының басшысы, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 20 тамызынан Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

